Екібастұзда өнерпаздар көне дәстүрді жаңғыртты

Екібастұзда өнерпаздар көне дәстүрді жаңғыртты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жастар қаланың әрбір жерінде жарапазан айтты, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Қасиетті Рамазан айының басталуына орай «Өнер» қалалық мәдениет сарайының өнерпаздары Екібастұз қалалық мешітімен бірге көне дәстүрді жаңғыртты.

Бұл – ата-бабамыздан мирас болған ізгі дәстүр, елге жақсылық, шаңырақтарға құт-береке тілейтін рухани мұра. Ертеден ата-бабамыз Рамазан айы келгенде ораза ұстау керек екенін білмей қалмасын деген ниетпен әр үйдің ауласына барып, жарапазан айтқан. Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, ізгілікке шақыру – біздің борышымыз! – дейді ұйымдастырушылар. 

Екібастұздықтар эстафетаны Ақсу қаласынан қабылдап, Аққулы ауданына жолдады. 

Айта кетейік, жарапазан  «Жә-Рамазан»,  яғни арапша «Рамазан келді» деген сөзден шыққан.  Баяғы кезде жарапазан жыры бүкіл қазақ ауылы, қауымы боп айтылған болса, ал қазіргі кезде ол –қолданыстан қалып бара жатқан ұлттық фольклордың бірі. Негізгі мақсаты — ораза айында ел көңілін көтере жүріп, ислам дінін насихаттау, жұртты шариғатқа, иманға ұйыту, береке-бірлікке, ізгілікке шақырудан туған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от "ӨНЕР" ҚМС (@oner.ekb)