Павлодардың оңтүстік және солтүстік аудандарында ыстық су өшіріледі

Тұрғын үйлерге ыстық су анықталған зақымдардың санына байланысты беріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 5-27 тамыз аралығында «Қазақстан алюминийі» АҚ ЖЭО-1 күзгі-қысқы кезеңге дайындық шеңберінде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жабдықтардың жұмысын тоқтатады. Осыған байланысты оңтүстік желілік аудан бойынша үйлерде ыстық сумен жабдықтау тоқтатылады.
Сондай-ақ 7-11 тамыз аралығында ЖЭО-2 және ЖЭО-3-тен қоректенетін желілерге гидравликалық сынақтар жүргізуге байланысты солтүстік желілік аудан бойынша үйлерде ыстық су өшіріледі.
– Зақымдануды жою кестесі гидравликалық сынақтар жүргізілгеннен кейін жарияланады, – деп жазылған хабарламада.
Кәсіпорында жоғарыда аталған кезеңде жылу желілері өтетін жерлерде сақ болуға кеңес береді.
Барлық анықталған ескертулер мен бұзушылықтар бойынша 57-07-51 («Павлодар жылу желілері» ЖШС диспетчерлік қызметі), 63-01-13 (пайдалану ауданы) телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады.