Павлодарда автобус жүргізушісі жол белгілерін қағып, оқиға орнынан жасырынғысы келген

Павлодарда автобус жүргізушісі жол белгілерін қағып, оқиға орнынан жасырынғысы келген
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 сәуірде сағат 21:50-де Назарбаев даңғылы бойынша Golden Dragon маркалы автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, STOP жол белгісімен соқтығысқан. Одан кейін жүргізуші қозғалысын жалғастыра беріп, басқа белгіні соққаннан кейін жол– көлік оқиға орнынан кетіп қалды.  

– Тәртіп сақшылары жүргізушіні анықтады. ЖКО салдарынан зардап шеккендер жоқ. Автобус айып тұрағына қойылды,– деді департаментте.

Полицейлер тексеріс жүргізуде.