Павлодарда үй иесі ауысқанда су шотын қайта рәсімдеу қажет

Павлодарда үй иесі ауысқанда су шотын қайта рәсімдеу қажет
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жаңа меншік иелері «Павлодар-Водоканал» жеке шотын өз атына ауыстыруы тиіс, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ол үшін Ак. Сәтбаев көшесі, 156 мекенжайында орналасқан Бірыңғай есеп айырысу орталығына жүгіну керек.

– Көппәтерлі тұрғын үйлердің иелері келесі құжаттарды ұсынуы тиіс: сатып алу-сату, айырбастау немесе сыйға тарту шарты немесе ауыртпалық туралы анықтама; мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама (қажет болған жағдайда); жеке куәлік; тіркелген тұлғалар туралы мәліметтер; пәтердің техникалық паспорты, – деп атап өтті Бірыңғай есеп айырысу орталығының баспасөз қызметі.

Жеке тұрғын үй иелері үшін құжаттар тізімі кеңірек. Аталған құжаттардан бөлек, техникалық шарттар (екі дана), қабылдау актісі, шекараны бөлу актісі (екі дана), үйдің техникалық төлқұжаты және су есептегіш құралдарына қатысты құжаттар (паспорт, тексеру және пломбалау актісі) талап етіледі.

Құжаттардың бір бөлігі eGov порталы арқылы онлайн алынуы мүмкін.