Өлім алдындағы хат: Павлодарлық еріктілер іздеу салады

Өлім алдындағы хат: Павлодарлық еріктілер іздеу салады

VITA іздеушілер жүйесінде бүгін кешкі мезгілде әйел адам қоңырау шалып, көмек сұраған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

– Не істерімді білмеймін. Шарасыз күйге тап болдым. Менің кішкентай қызым көшеден қағаздарды алып келді. Бұл хаттарды велосипедпен жүрген бейтаныс адам берген. Бұл өлім алдында жазылған мәтін. Учаскелік инспектор телефон тұтқасын алмайды,  – дейді хабарласқан адам. 

Телефон соққан әйел адам Теміржолшылар ауылында тұратыны белгілі болды және ол бұл хабарламаны кім жазып жіберуі мүмкін екенін мүлдем түсінбей отыр.   

Біз хаттың қашан жазылғанын және автордың қанша жаста екенін білмейміз, бәлкім ол Теміржолшылар ауылында тұрмауы да мүмкін. Ер адамның оны қайдан тапқанын және неге кішкентай қызға бергенін білмейміз.  Әлеуметтік желіде табылған барлық Айнұр Р. деген қолданушыларға жаздық, бірақ ешқайндай нәтиже жоқ, – дейді еріктілер. 

Олар бұл жөнінде полицияға хабарлаған және мүмкін хаттың авторын танып қалар, сол адамның қателікке жол беруіне тосқауыл қойылады деген ниетпен толық мәтінін @poiskoviki_pavlodara_vita парақшасында жариялап отыр

Егер хаттың авторын білген жандар болса,  8 747 615 55 63 (Катерина) вацап нөміріне хабарласуды сұрайды.