Ақсуда вандалдар мұз қалашығын бұзып кетті

Ақсуда вандалдар мұз қалашығын бұзып кетті

Қала әкімдігі саябақ аумағында бақылауды күшейту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ақсу қаласы әкімдігінің хабарлауынша, жаңа жылдық мерекелер қарсаңында қалалық саябақта мұз қалашығын салу жұмыстары басталған. Алайда кейбір балалардың теріс әрекеттерінің салдарынан    фигуралар бұзылып қалған. 

– Бұл вандализмнің тағы бір әрекеті. Қала әкімдігі мен коммуналдық қызметтер қолайлы жағдай жасау, қаламыздың өркендеуі мен дамуы үшін күнделікті жұмыстар жүргізуде. Десе де, арамызда еңбекті бағаламайтын адамдар болғаны өте өкінішті, – дейді әкімдікте.

Осыған  байланысты саябақта полиция патрулі орнатылды. 

Әкімдікте тұрғындарды қалалық мүлік объектілеріне ұқыпты қарауды сұрайды және вандализм әрекеті қайталанған жағдайда әкімшілік сипаттағы шаралар қабылданатынын ескертеді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ақсу қаласының әкімдігі (@aqsuakimdigi)