«Ғалам аруы-2023» сұлулық байқауының жеңімпазы анықталды
Қазақстан атынан 20 жастағы Томирис Заир қатысты, деп хабарлайды @inbusiness.kz сайты.
23 жастағы Шейнис Паласиос есімді никарагуалық ару «Ғалам аруы-2023» сұлулық байқауының жеңімпазы атанды,
Ол Орталық Америка университетінің түлегі, бұқаралық коммуникация мамандығы бойынша білім алған, волейболмен айналысады.
Таиланд намысын қорғаған 27 жастағы Аннтония Порсильдке вице-мисс тәжі бұйырды.
Биыл «Ғалам аруы-2023» байқауы Никарагуада өтті. Оған 84 елдің өкілдері қатысты. Байқауға Қазақстан атынан 20 жастағы "Алматы аруы-2022" және «Қазақстан аруы-2022» титулдарының иегері Томирис Заир қатысты, бірақ ол топ-20-ға кіре алмады.