Құрбан айтта қазақстандықтар неше күн демалатыны белгілі болды

Құрбан айттың бірінші күні 6 маусым, яғни жұмаға сәйкес келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Биыл маусымда қазақстандықтар Құрбан айт мерекесін атап өтеді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еліміздің дін өкілдерінің мәліметтеріне сүйене отырып мәлімдеді.
Бес күндік жұмыс аптасында жұмыс істейтін қазақстандықтар 6, 7 және 8 маусым күндері (яғни жұма, сенбі, жексенбі күндері) демалады.
Ал алты күндік жұмыс аптасы бар азаматтар үшін 7 маусым – сенбі күні жұмыс күні болады.