Қазақстандың мәнерлеп сырғанаушы 2026 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама алды

Қазақстандың мәнерлеп сырғанаушы 2026 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама алды
фото: https://olympic.kz/ сайтынан

Әлем чемпионатында Софья Самоделкина 14-орын алып, Олимпиада нормативін орындады, деп хабарлайды @olympic.kz тілшісі.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы АҚШ-тың Бостон қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады.

Еркін бағдарламада спортшы 117,78 ұпай жинады. Жалпы сомасы – 181,36 ұпай.

Нәтижесінде жарысты 14-орынмен аяқтады.

Айта кетейік, Софья Самоделкина 2026 жылғы Олимпиада ойындарына қатысу нормативін орындады. Ол үшін спортшы әлем чемпионатында топ-24 қатарына енуі қажет еді. Бұл көрсеткіштің ресми түрде расталуы кейінірек жарияланады.