Қандай жағдайларда референдумға арналған бюллетень жарамсыз деп танылуы мүмкін?

Қандай жағдайларда референдумға арналған бюллетень жарамсыз деп танылуы мүмкін?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

ҚР Орталық референдум комиссиясы ақпарат ұсынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бюллетень келесі жағдайларда жарамсыз деп танылады:

– белгісіз үлгідегі бюллетень;

– тиісті комиссия мүшесінің қолы жоқ;

– таңба қарындашпен қойылған, өшіру белгілері немесе қолдан жасаудың басқа тәсілдері бар;

– дауыс беруге қатысушылардың еркін анықтау мүмкін емес.

Естеріңізге сала кетейік, сайлау учаскесінің мекенжайын E-Gov порталындағы «ЖСН бойынша сайлау учаскесін іздеу» ақпараттық қызметі, сондай-ақ SMS ақпараттық бюллетеньде көрсетілген байланыс орталығы байланыс операторларының қысқа нөмірі арқылы білуге болады. Облыс әкімдігінде орналасқан аумақтық референдум комиссиясында да барлық қажетті ақпарат бар.