Павлодар қаласындағы №2 ХҚКО жаңа мекенжайға көшеді

Жаңа ғимаратта келушілер саны 30-40%-ға көбейеді деп күтілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Павлодар облысы бойынша филиалының мәліметінше, 16 маусымнан бастап Луговая көшесі, 16 мекенжайындағы №2 халыққа қызмет көрсету орталығы азаматтарды жаңа мекенжайда – Генерал Дүйсенов көшесі, 80 бойынша қабылдайды.
– Көшу шешімі халыққа қызмет көрсету жағдайын жақсарту, тұрғындарды қабылдау мүмкіндігін арттыру және мемлекеттік қызметтерді алу үдерісін жеңілдету мақсатында қабылданды. Жаңа ғимаратта тұрғындарды қабылдау көлемі орта есеппен 30-40%-ға артады деп күтілуде, – делінген ведомство хабарламасында.
Корпорация ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін азаматтарды қабылдайтынын еске салады.
Кезекші ХҚКО-лар дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 20:00-ге дейін, ал сенбі күндері сағат 9:00-ден 13:00-ке дейін жұмыс істейді.
Кезекші мамандандырылған ХҚКО-ларда жұмыс күндері өтініштер 9:00-ден 18:00-ге дейін қабылданады, дайын құжаттар сағат 20:00-ге дейін беріледі. Сенбі күндері өтініштер 9:00-ден 12:00-ге дейін қабылданып, дайын құжаттар 13:00-ге дейін тапсырылады.
Павлодар қаласындағы ХҚКО-лардың өзекті мекенжайлары: №1 ХҚКО – Павлов көшесі, 48 (кезекші), №2 ХҚКО – Генерал Дүйсенов көшесі, 80, мамандандырылған ХҚКО – Космонавтар көшесі, 2 (кезекші), Павлодар аудандық ХҚКО – Исеналиев көшесі, 24.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, павлодарлықтарды ХҚКО-ға бару жоспарын жаңартылған өзгерістерге сәйкес үйлестіруге шақырады.