Қауіпсіздік белдігін тақпаған павлодарлықтар жауапкершілікке тартылды
Олар айыппұл арқалады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жыл басынан бері облыстық полиция қызметкерлері қауіпсіздік белдігін тақпаған тоғыз мыңнан астам жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты.
–Лермонтов көшесінде патрульдеу кезінде «Nissan» маркалы автокөлік тоқтатылып, жүргізушінің белдік тақпағаны анықталды. Ол заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды, – деді облыстық полиция департаменті.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, қауіпсіздік белдігі жол-көлік оқиғасы кезінде адам өмірін сақтап қалуға септігін тигізеді. Статистикаға сәйкес, оны дұрыс қолдану жарақат алу қаупін 70 пайызға дейін төмендетеді.
Полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін сақтамау өзге жүргізушілер үшін де қауіп төндіретінін еске салды.