Қазақстан Орталық Азиядағы ең жоғары жалақы төленетін ел атанды

Қазақстан Орталық Азиядағы ең жоғары жалақы төленетін ел атанды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл мәліметтер халықаралық CEOWORLD Magazine іскерлік журналының жаңа зерттеуінде жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зерттеу қорытындысына сәйкес, Қазақстанда салықтар ұсталғаннан кейінгі орташа айлық жалақы 780 АҚШ долларын құрайды. Бұл көрсеткіш елге әлемдік рейтингте 77-ші орынға көтерілуге мүмкіндік берді.

Орталық Азия елдері арасында Қазақстан сөзсіз көш бастап тұр. Одан кейін Түрікменстан (761 доллар), Өзбекстан (458 доллар), Қырғызстан (335 доллар) және Тәжікстан (276 доллар) орналасқан.

ТМД елдері рейтингінде Қазақстан тек Ресейге жол берді. Ресейде салықтар ұсталғаннан кейінгі орташа жалақы 2 266 доллар деп бағаланған. Қазақстаннан кейін Беларусь (728 доллар), Армения (648 доллар), Молдова (615 доллар), Әзербайжан (601 доллар) және Украина (537 доллар) тұр.

Әлем бойынша орташа жалақы көлемі ең жоғары ел – Швейцария. Мұнда ай сайынғы орташа жалақы 8 218 долларды құрайды. Ал алғашқы бестікке Люксембург, АҚШ, Исландия және Норвегия енген.

Зерттеу авторлары елдердің табыс деңгейін салыстыру кезінде жалақы мөлшерімен қатар инфляция деңгейі мен халықтың сатып алу қабілетін де ескеру қажет екенін атап өтті.