Қазақстан волейболды отырып ойнаудан әлем чемпионатының қола жүлдесін алды
Ұлттық құрама алғаш рет әлем чемпионатының жүлдегерлері қатарына енді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен волейболды отырып ойнаудан әлем чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы қола медаль жеңіп алды.
Топтық кезеңде қазақстандықтар Бразилия, Хорватия және Ирак құрамаларымен кездесіп, өз тобында екінші орын алды. Плей-офф кезеңінде олар Польша мен Руанда құрамаларын 3:0 есебімен жеңді.
Жартылай финалда отандастарымыз әлемнің ең мықты командаларының бірі саналатын Ираннан 0:3 есебімен жеңілді.
Қола медаль үшін өткен кездесуде Қазақстан құрамасы Бразилияны 3:2 есебімен ұтып, әлем чемпионатының үшінші орын жүлдесін иеленді.