Қазақстанда тауарлар туралы чат-бот іске қосылды
Бұл процесті мүмкіндігінше ыңғайлы етеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Тауарларды таңбалау және қадағалаудың бірыңғай операторы Қазақстанда тауарларды таңбалау және қадағалау жобасы туралы жедел ақпарат ұсынатын жаңа чат-ботты таныстырды. Чат-бот оператормен, жүйемен өзара әрекеттесуді жылдамдатады, процесті мүмкіндігінше ыңғайлы етеді және мына мәселелерді шешуге көмектесе алады.
Жүйеде тіркеуден бастап, жабдықтың техникалық сипаттамаларына және нормативтік ақпаратқа дейінгі аралықтағы таңбалау процесіне қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап беруге, техникалық мәселелер бойынша кеңес беруге, мысалы: цифрлық кодтарға тапсырыс беру, құжаттарды қалыптастыру және жүйелерді біріктіруге және таңбалау заңнамасындағы соңғы өзгерістер мен жаңашылдық туралы ақпаратты пайдаланушылармен бөлісуге болады.
Сонымен қатар чат-бот қолжетімді IT-технологиялар негізінде жұмыс істейді, бұл пайдаланушыларға жан-жақты ақпарат ұсынуға мүмкіндік береді. Бүгінде ЖИ құралдары миллиондаған адамдардың өмірінің ажырамас бөлігіне айналып, жұмыс тапсырмаларын жеңіл әрі қолжетімді етіп отыр.
– Біз тұтынушылармен және стейкхолдерлермен өзара әрекеттесу жылдамдығы мен сапасы басымдыққа ие екенін түсінеміз. Чат-бот ЖИ шешімдері арқылы процестерді жеңілдетуге және тезірек шешуге көмектеседі, – деп атап өтті тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторының R&D директоры Асыл Құлмағамбетов.
Чат-бот тәулік бойы қолжетімді және Telegram платформасында пайдаланушылардың сұрақтарына жауап беруге дайын.