Павлодарда көше қиылысы бірнеше күнге жабылды

Павлодарда көше қиылысы бірнеше күнге жабылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Су құбыры желілері жөнделіп жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Павлодар-Водоканал» ЖШС мәліметінше, жөндеу жұмыстарына байланысты Бұқар жырау – Роза Люксембург көшелерінің қиылысында автокөлік қозғалысы уақытша шектелді. Жол 28 қыркүйекке дейін жабық болады.

Жүргізушілерге қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, жабық учаскені айналып өту қажет.