Павлодарда такси қызметін тіркемей бастаған жүргізушіге айыппұл салынды

Павлодарда такси қызметін тіркемей бастаған жүргізушіге айыппұл салынды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ер адам жолаушыларды мобильді қосымша арқылы тасымалдағанымен, такси қызметін бастағаны туралы міндетті хабарлама бермеген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, жүргізуші LADA автокөлігімен такси қызметін көрсеткен.

Сот 11 тамызда ер адамның мобильді қосымша арқылы жолаушылар тасымалдағанын анықтады. Алайда ол қызметін бастамас бұрын жергілікті атқарушы органға такси тасымалдаушысы ретінде тиісті хабарлама жібермеген.

Жүргізушінің кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, бейнежазбамен, жауап алу хаттамасымен және істің басқа да материалдарымен расталды.

– Жаза тағайындау кезінде құқық бұзушылықтың сипаты, кінәлінің жеке басы мен мүліктік жағдайы, сондай-ақ кінәсін мойындауы және өкінуі ескерілді. Жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ, – деп хабарлады соттан.

Сот жүргізушіні ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды. Бап санкциясы бойынша оған 15 АЕК немесе 64 875 теңге айыппұл қарастырылған.

Алайда жеңілдететін мән-жайларға байланысты сот айыппұл мөлшерін 30 пайызға қысқартты. Нәтижесінде жүргізушіге 45 413 теңге айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.