Қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарын қолдануға көбірек құқық беріледі
1 шілдеден бастап Қазақстанда Әлеуметтік кодекс күшіне енеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
27 маусымда Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары - еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова аталған құжаттың негізгі жаңалықтары туралы айтты.
– Енді азаматтар белгіленген шекті мөлшерден асатын зейнетақы жинақтарын емделуге және тұрғын үй сатып алуға ғана жұмсай алады. Салымшыларға зейнетақы жинақтарының 50 пайызынан аспайтынын активтерді басқарушы компанияларға аудару құқығы беріледі, – деді Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында.
Министрдің айтуынша, Әлеуметтік кодекс жобасына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына салымшылардың зейнетақы активтерін басқару құқығын кеңейтуге қатысты өзгерістер енгізіліп жатыр.