Қыздарға жармасқан: Екібастұздықтар желідегі хабарламаға алаңдаулы
Қала тұрғындары мектеп маңында жүрген педофил туралы бір-біріне ескерту жасауда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Күмәнді ер адам туралы WhatsApp хабарламасы тұрғындарды алаңдатты. Мәтінде №9 және №11 мектептерді аралап, оқушы қыздарға жармасып жүрген ер адам туралы айтылады. Қала тұрғындары мектеп оқушыларын бір-бірін үйге дейін шығарып салып, ата-аналарды балаларын қарсы алуға шақырды.
– Біз полиция бөліміндегі кезекшіге қоңырау шалып, жүгіндік. Өтініш жазылды. Қоңырау жазылады. Күзет жақын арада аудандарға тексеріспен шығады, – деп жазылған хабарламада.
Аталған жайтқа қатысты Екібастұз қалалық полиция басқармасыжауап берді.
– Факт тіркелді, қазір тексеріп жатырмыз, – деді ведомствада.
Дегенмен оқиға әлі расталмады.