Қолынан сүйреген: Екібастұзда жаттықтырушы балаға қатыгездік танытқан

Қолынан сүйреген: Екібастұзда жаттықтырушы балаға қатыгездік танытқан
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Екібастұзда оңалту орталықтарының бірінде адаптивті дене шынықтыру сабағында жаттықтырушы кішкентай қыздың қолынан дөрекі жетектеп жатқан сәті бейнебақылау камерасына түсіп, әлеуметтік желіде таралды. 

– «24 қазанда АДШ сабағын өткізу кезінде менің досымның қызы қолынан жарақат алды, бұл гипстің салынуына әкеп соқты. Біз бұл жарақат нұсқаушының кәсіби емес, немқұрайлы және мүмкін қасақана қатыгез әрекеттерінің тікелей салдары болғанына сенімдіміз. Адаптивті физикалық белсенділікті қажет ететін бала үшін қауіпсіз ортаны қамтамасыз етудің орнына, оған қауіп төндіріп, физикалық ауырсыну мен азап шегуді көрсетті», – деп жазды желі қолданушы. 

Кәмелетке толмағанды тәрбиелеу міндеттерін орындамау фактісі бойынша полициямен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

– Алдын ала деректерге сәйкес, Екібастұз қаласындағы оңалту орталықтарының бірінде инструктор кәмелетке толмаған баланы емдеу бойынша өз міндеттерін тиісінше орындамаған. Полиция қызметкерлері сыртқы бейнебақылау камераларындағы жазбаларды тәркілеп, оларды зерделеуде. Нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады, – деді облыстық полиция департаментінде.

Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын объективті тергеп-тексеруге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Балалар құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Сәуле Шәкенева жәбірленуші қыздың анасымен байланысқа шығып, сөйлесті. 

– Қазіргі уақытта бала үйде. Ол қосымша медициналық көмекке мұқтаж емес. Қала әкімнің орынбасары жағдайды бақылауда ұстайды, – деді Сәуле Шәкенева.

Бұл ретте оңалту орталығы жеке болғандықтан қалалық білім беру бөлімі бұл жағдайға араласа алмайды. Алайда қызға «Қайнар» орталығында отбасылық психолгтың көмегі ұсынылады.