Ұлттық құраманың павлодарлық бапкері жазда ойнайтын ойыншыларды жариялады
Өкінішке орай, олардың қатарында «Ертіс» ойыншылары жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазақстан құрамасы Армения және Венгрия командаларына қарсы жолдастық кездесулерге дайындалады. Қорытынды тізімге 25 футболшы енді.
Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Александр Заруцкий («Ақтөбе»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»).
Қорғаушылар: Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Александр Мрынский, Еркін Тапалов (екеуі де – «Қайрат»), Ян Вороговский, Әлібек Қасым (екеуі де – «Астана»), Сергей Малый («Ордабасы»), Арсен Аширбек («Елімай»), Санжар Сатанов («Атырау»), Сағи Совет («Қайсар»).
Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов («Елімай»), Жасұлан Әмір («Ордабасы»), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Дінмұхамед Қараман («Астана»), Серікжан Мұжықов («Жетісу»), Әбинұр Нұрымбет («Оқжетпес»).
Шабуылшылар: Дастан Сәтпаев («Қайрат»), Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов (екеуі де – «Ахмат», Ресей), Ислам Чесноков («Хартс», Шотландия), Роман Мұртазаев («Елімай»), Мағжан Тоқтыбай («Ордабасы»), Мақсат Абраев («Астана»).
Айта кетейік, ұлттық құрама сапына алғаш рет Санжар Сатанов, Жасұлан Әмір, Мағжан Тоқтыбай және Мақсат Абраев шақырту алды. Сондай-ақ, ұзақ үзілістен кейін құрамаға қайта оралған ардагер Роман Мұртазаев та биылғы маусымда жарқын ойынымен көзге түсіп жүр.
Қазақстан құрамасы оқу-жаттығу жиынын 28 мамыр күні ҚПЛ-дің 12-туры аяқталғаннан кейін бастайды.