Әлем чемпионын ұтқан шахматшы Павлодарға келді
Отанында ол халықаралық турнирге қатысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қатар астанасы Дохада өткен халықаралық турнирде әлемнің 16-чемпионы Магнус Карлсенді ұтқан павлодарлық Әлішер Сүлейменовті жұртшылық әуежайдан қарсы алды.
- Аттың Ж5 жүрісінен кейін Карлсенді ұта ала алатынымды сездім, Магнус болса, бұл жүрісімді аңдамай қалды, - деп еске түсірді Әлішер Сүлейменов. – Бұл жағдай оның көңіліне жақпағаны бірден сезілді. Мен болсам, өз-өзіме сене бастадым. Матчтың алдында тең түссем деп армандаған мен, енді мұндай мүмкіндікті мүлт жібермеуге тырыстым.
23 жасар павлодарлық өреннің айтуынша, қазіргі кезде елімізде шахмат өнерін дамытудың нағыз шағы туып тұр. Федерация басшылығына әйгілі меценат Тимур Турлов келді. Шахматшы жақында осы қадамның жемісін көреміз, дейді.
Бүгін Әлішер Сүлейменов облыс орталығында өтетін халықаралық Pavlodar Open турниріне қатысады.
Фото: Константин Шелков