Өкінішке толы өмір: Павлодарда «Ананың көз жасы» фильмі көрсетіледі

Өкінішке толы өмір: Павлодарда «Ананың көз жасы» фильмі көрсетіледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Нашақорлық туралы фильмнің көрсетілімі қала студенттеріне арналған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 қаңтар күні сағат 15:00-де Ломов көшесі, 38 мекенжайы бойынша Жастар бастамаларын дамыту орталығында «Ананың көз жасы» атты фильмнің көрсетілімі өтеді. 

– Фильм нашақорлықтың адам өміріне тигізетін зардаптары, жақын жандардың жан күйзелісі және тағдырды өзгерте алатын таңдау туралы баяндайды, – делінген хабарламада.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, туындының басты мақсаты – жастар арасында есірткіге қарсы иммунитет қалыптастырып, қатерлі дерттің қоғамға тигізер зардабын ашып көрсету.