Өрт: Түркия мен Өзбекстан көмектесуге әзір

Өрт: Түркия мен Өзбекстан көмектесуге әзір

Сыртқы істер министрлігі Абай облысындағы өртті сөндіруге қай елдер көмектесуге дайын екенін білдіргенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Мемлекет басшысы, сондай-ақ сыртқы істер министрі әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті. Түркия мен Өзбекстан Абай облысындағы өртті сөндіруге көмектесуге дайын екенін білдірді", - деді Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

Сондай-ақ, ол мемлекеттердің басқа елдерден қандай жағдайда көмек сұрай алатынын айтты.

"Егер апат ауқымды болса, оның зардаптарын жоюға мемлекеттің шамасы жетпесе, басқа елдерден көмек сұрауға мәжбүр болады. Әзірге ондай көмек сұрап жатқан жоқпыз. Дегенмен, менің естуімше, бұл елдер көмектесуге дайын екенін білдірді", - деп түсіндірді ол.