Қазақстандағы «Жылдың үздік театр менеджері» Павлодарда

Қазақстандағы «Жылдың үздік театр менеджері» Павлодарда

Бұл номинация оған «Еңлікгүл-2023» жобасында табысталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Театр қайраткерлері одағының «Еңлікгүл-2023» театр өнерінің кәсіби сыйлығында театр басшысы Арман Темірбек “Жылдың үздік театр менеджері” номинациясын жеңіп алды.

Арман Темірбек – 2018 жылы Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрының басшысы болып сайланды. 5 жылдыңішінде басшы түрлі қойылымдар қойғызып, театр тізгінін ұстауда. 

- Ж.Аймауытов театр Ертіс-Баян өңірінің рухани  қара шаңырағы ғой. Бұрыннан келе жатқан сақа театр десек те болады. Бірақ сол театрдың қарқынын бәсеңдетпей, серпін беріп, заманауи қалып келтірген басшымыз Арман Темірбек,- дейді Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрының қызметкері Нұркен Тұрлыбек. 

Театр ұжымы номинация иегерін әлеуметтік желіде құттықтады.