1 мамырда Павлодар облысында үсік жүреді

Желдің жылдамдығы түнде секундына 3-8, күндіз 9-14 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, бейсенбіде жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түнде 0...+5°C, облыстың батысында, оңтүстігінде, 3°C үсік жүреді, ал күндіз +12...+17 °C-қа дейін көтеріледі.
Павлодарда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Сынап бағанасы түнде +1...+3°C, топырақтың бетінде 2 °C үсік жүреді, ал күндіз +14...+16 °C-ты көрсетеді.