4 қарашада Павлодар облысында жаңбыр жауады

4 қарашада Павлодар облысында жаңбыр жауады
Фото: Константин Шелков

Оңтүстік-шығыстан секундына  9-14 метрге дейін жел соғады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, күндіз облыстың солтүстігінде жаңбыр жауады. 

Ауа температурасы түнде 3-8 градус салқын, облыстың оңтүстігінде 1, күндіз 5-10, облыстың шығысында 2  градус жылы болады. 

Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 

Сынап бағанасы түнде  4-6 градус, күндіз 5-7  градус  көрсетеді.