Павлодарда вокзал маңындағы алаңға кіру жолы уақытша жабылады

Павлодарда вокзал маңындағы алаңға кіру жолы уақытша жабылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жылу желілерінде жөндеу жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Павлодарэнерго» АҚ-ның мәліметінше, 3 қыркүйек сағат 8:00-ден 4 қыркүйек сағат 8:00-ге дейін жылу желілерін күрделі жөндеуге байланысты жеңіл автомобильдерге арналған вокзал маңындағы алаңға кіру жолы уақытша жабылады.

Жүргізушілерден абай болып, бағытты алдын ала жоспарлауды сұрайды.