1 млн теңге өндіріп алмақ болған павлодарлықтың шағымын сот мақұлдамады
Іс бойынша тараптар арасында қолхатпен рәсімделген қарыз шарты жасалған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы талапкердің бірінші сатыдағы бас тартылған соттың шешіміне түскен апелляциялық шағымы бойынша айып төлеуді өндіріп алу туралы талап қоюы бойынша іс қаралды.
- Іс бойынша тараптар арасында қолхатпен рәсімделген қарыз шарты жасалғаны, оған сәйкес жауапкер 2014 жылдың 15 наурызына дейін талапкерге 3 000 000 теңге төлеуге міндеттелгені анықталды. Алайда, көрсетілген мерзімде жауапкермен міндеттемелер толық көлемде орындалмаған. Бірінші сатыдағы сот ұйғарымымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілген, оның талаптары бойынша борышкер 4 802 000 теңге сомасындағы қарызды мойындап оны бір жыл ішінде тең төлемдермен төлеуге міндеттелген, - делінген хабарламада.
Алайда борышкер шарттың талаптарын орындамаған, осыған байланысты атқару парағы ресімделіп, өндіріп алушыға берілген. Атқару парағы талап қоюшымен екі рет сот орындаушысына орындауға ұсынылып, оны орындаудан қайтарып алған.
Жауапкер талапкерге берешегін 2023 жылдың 22 қаңтарында толық өтеген.
- Анықталған талаптарды ескере отырып, жауапкерден 2018 жылдың 10 қаңтарынан бастап 2023 жылдың 22 қаңтарына дейінгі мерзімге 1 699 000 теңге айып төлеуді өндіру туралы талап қоюмен сотқа жүгінді. Оны шарт бойынша ұзақ мерзім бойы қарыз сомасын қайтармаумен уәждеді. Шағымдалған шешіммен талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылды, - делінген сот алқасы берген ақпаратта.
Іс бойынша алқа мына шешімді қабылдады. ҚР Азаматтық кодексінің 293-бабына сәйкес борышкер мiндеттемесiн орындамаған кезде, атап айтқанда, орындау мерзiмiн өткiзiп алса несие берушiге төлеуге мiндеттi, заңдармен немесе шартпен белгiленген ақша сомасы айып төлеу (айыппұл, өсiм) деп танылады. Айып төлеу туралы талап бойынша несие берушi оған келтiрiлген залалдарды дәлелдеуге мiндеттi емес.
Осыған байланысты, шағымдалған шешім өзгеріссіз, талапкердің апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалдарылды.
Қаулы заңды күшіне енді.