Павлодар облысында жұмыссыз жастардың саны азайды
Жұмыссыз бес адамның екеуі үш айдан бір жылға дейін жұмыс іздеген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Finprom.kz сарапшыларының мәліметінше, елдегі жұмыссыз жастардың саны 8,2%-ға азайған. Олардың арасында ерлер – 30 мыңға жуық адам, әйелдер – 39 мыңнан астам.
Қалаларда 44,2 мың жұмыссыз өмір сүрсе, ауылдарда екі есе аз. Бұл ретте, егер қалаларда көрсеткіш төмендесе, ауылдарда керісінше, өсе түскен.
Өңірлер арасында жұмыссыз жастардың үлесі Алматыда – өткен жылмен салыстырғанда 7,7%-ға көбейген.
– Ең төмен көрсеткіштер Ұлытау, сондай-ақ Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді, – деді сарапшылар.
Жұмыссыз жастардың басым бөлігі бір айдан үш айға дейін жұмыс іздеген. Мұндай қыздар мен жігіттердің саны 18 мың болды.