11 наурызда Павлодар облысында қар жауып, көктайғақ болады

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің хабарлауынша, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 метрге дейін жетеді.
Облыста түнде ауа температурасы -8...-13°С, облыстың солтүстігінде -18°C болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында қар жауады. Облыстың солтүстігінде тұман түседі. Күндіз -2…-7°C,облыстың оңтүстігінде -10°C күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), бұрқасын, көктайғақ болады.
Павлодарда түнде -10...-12°C, күндіз -3...-5°С сақталады. Қар жауып, боран соғады. Қар аралас жаңбыр жауады.