12 желтоқсанда Павлодар облысында аяз сақталады

12 желтоқсанда Павлодар облысында аяз сақталады
Фото: Константин Шелков

Өңірдің оңтүстігінде қар түрінде аздаған жауын-шашын түседі, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Қазгидрометтің мәліметінше, солтүстік желінің екпіні секундына 9-14 метрді құрайды. Түнде ауа температурасы 28-33, облыстың солтүстігінде 36, күндіз 25-30 градус көрсетеді.

Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Солтүстіктен соққан желдің екпіні секундына 9-14  метрді құрайды. Сынап бағанасы түнде 28-30, күндіз 25-27 градусты көрсетеді.