Павлодарлық қос азамат ерлігі үшін марапатталды (ВИДЕО)

Павлодарлық қос азамат ерлігі үшін марапатталды (ВИДЕО)

Оның бірі өрт сөндіруші болса, екіншісі студент, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, «Семей Орманы» резерватындағы алапат өртті сөндіру кезінде өз міндеттерін адал атқарғаны павлодарлық өрт сөндіруші Азамат Досмақов көрсеткен қайсарлығы үшін төтенше жағдайлар министрінің атынанерекше медальмен марапатталды.

Ол мұндай алапат өртті қызмет барысында алғаш рет сөндіріргенін айтты. 

- Өрт сөндіруші болып қызмет еткеніме көп болды. Бұл сала менің жан қалауыммен таңдалған. Алапат өртті ауыздықтау кезінде еш қорқыныш болған жоқ. Біз нақты әрекет етіп, қойылған міндеттерді орындадық, - деді Азамат Досмақов.

Ал жиырма жасар Асан Асаинов ТЖД бастығының атынан алғыс хатпен және естелік сыйлықпен марапатталды. Ол 12 шілдеде батып бара жатқан екі жасөспірімді құтқарып қалған болатын. Бозбала жылдам әрекет етіп, әрі батыл шешім қабылдауының арқасында қайғылы оқиғаның алдын алды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Павлодар Облысы Тжд (@pavlodar_tjd)