Павлодар облысының тас жолында минивэн кюветке аударылды
Зардап шеккен жолаушы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 30 қазанда таңғы сағат 08:30-да «РФ-Успен-Павлодар» автожолының 62 шақырымында ВАЗ-2121 автокөлігінің жүргізушісі солға бұрылу алдында сигнал бермей, ілеспе бағытта озып кеткісі келген Тойота Превиа автокөлігімен соқтығысты. Салдарынан Тойота Превиа кюветке аударылды. Жол-көлік оқиғасында Тойота жолаушысы жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.
Сол күні Шарбақты ауылында Фольксваген Пассат автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жаяу жүргінші жол бойында мас күйде ілеспе бағытта жүрген. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған адам ауруханаға жатқызылды. Автокөліктер мамандандырылған тұраққа қойылды. Екі оқиға бойынша тексеру жүргізілуде.