13 маусымда Павлодар облысында тұман түседі

13 маусымда Павлодар облысында тұман түседі
Фото: Константин Шелков

Желдің жылдамдығы секундына 7-12, найзағай кезінде екпіні 15-20 метрді құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. 

Қазгидрометтің мәліметінше, облыс бойынша температура түнде +12...+ 17°C, күндіз +22...+ 27°C болады. Шығыста, облыстың орталығында тұман күтіледі.

Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. 

Павлодарда түнде + 13...+15°C, күндіз +23...+ 25°C ыстық болады.