Павлодар облысында үш республикалық тас жолы ашылды

Ауа райының жақсаруына байланысты шектеу алынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, сағат 14:00-дегі жағдай бойынша ауа райының жақсаруына байланысты келесі республикалық маңызы бар автомобиль жолының учаскесінде қозғалыс ашылды:
Шідерті кентінен Ақмола облысының шекарасына дейін Астана - Ерейментау - Шідерті автожолының 200-254 км.
Шідерті кентінен Қарағанды облысына дейінгі Қызылорда - Павлодар - Успен - РФ шекарасы, 1135-1206 км.
Ленин кентінен Шідерті кентіне дейінгі Қызылорда - Павлодар - Успен - РФ шекарасы автожолының 1135-1206 км.
Сондай-ақ облыстық маңызы бар Майқайың - Екібастұз жолы, 0-29 км.