15 тамызда Павлодар облысында күн күркіреп, жаңбыр жауады

15 тамызда Павлодар облысында күн күркіреп,  жаңбыр жауады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетеді. Күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде екпіні 15–20 метрге  дейін жетуі мүмкін,  деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше,  Павлодар облысы түнде ауа  температурасы +13…+18°C, күндіз +28…+33°C дейін жылынады. Өңірдің кей жерінде үн күркіреп,  жаңбыр жаууы ықтимал.

Павлодар қаласында түнде сынап  бағаны +13…+18°C аралығында болса,  күндіз +28…+33°C дейін көтеріледі.