16 наурызда Павлодар облысында қатты жел болады
Күндіз өңірдің басым бөлігінде екпіні секундына 25 метрге жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады деп күтілуде. Күндіз температура 0...-5, түнде -9.. -14 градус болады.
Облыстың солтүстігі мен шығысында қар жауып, боран соғады, көктайғақ болады.
Облыс орталығында бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Күндіз 0...-2, түнде -11...-13 градус болады. Желдің жылдамдығының екпіні 9-14, күндіз секундына 15-20 метрге жетеді.