30 маусымда Павлодар облысында күн күркірейді

Күн бұлтты болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, батыста, облыстың солтүстігінде бұршақ күтіледі. Дауыл тұрады.
Оңтүстіктен соғатын желдің күші секундына 9-14, күндіз батыста, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде +13...+18, күндіз +24... +29 жоғары болады.
Павлодарда құбылмалы бұлтты болады, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Сынап бағанасы түнде +15... +17, күндіз +26... +28 көрсетеді.