16 тамызда Павлодар облысында қатты жаңбыр жауады

16 тамызда Павлодар облысында қатты жаңбыр жауады
Фото: Константин Шелков

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидромет мәліметі бойынша, облыс бойынша температура түнде +13...+18°C, солтүстікте, шығыста, облыстың орталығында қатты жаңбыр, найзағай бар. Күндіз +22...+ 27 градус. Облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі.

Павлодарда түнде +15...+17°C, айнымалы бұлт, жаңбыр, найзағай болжануда. Күндіз ауарайы +23...+ 25 градус болады.