Павлодар облысында дала өрттері қандай себептерге байланысты туындайды?

Павлодар облысында дала өрттері қандай себептерге байланысты туындайды?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өрт қауіпті маусым басталғалы бері мемлекеттік орман қорында 52 орман өрті тіркелді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыс аумағында 433 құрғақ шөп, қамыс және өзге де өсімдіктердің жану оқиғасы тіркелді. Жалпы жану аумағы 1 946 гектар, оның ішінде 43 дала өрттері – 860 гектар, Ертіс өзенінің жайылымды бөлігінде 25 өрт – 288 гектар.

– Дала және жайылым өрттерінің басты себептері – өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, от жағу, сабан жағу, ауылшаруашылық палдар және минералданған жолақтардың болмауы, – дейді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Қайрат Шаймарденов.

Оның айтуынша, өңірде 12 заңды және жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал, ауылдық округтерде, елді мекендерде, ауылдық округ әкімі жауапты болған жағдайда ауылдық округ әкімі жауапкершілікке тартылды.