18 маусымда Павлодар облысында аптап ыстық сақталады
Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы +17...+22°C болады, жауын-шашын күтілмейді. Күндіз аптап ыстық сақталып, сынап бағанасы +30...+35°C-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашынсыз.
Павлодар қаласында түнде +18...+20°C болады. Күндіз ауа температурасы +31...+33°C-қа жетеді. Аспалы бұлтты, жауын-шашынсыз.