Павлодарлық алты журналист мемлекеттік наградаларға ие болды

Павлодарлық алты журналист мемлекеттік наградаларға ие болды
Фото: Есенжол Исабек

Құттықтаулар кәсіби мереке қарсаңында табыс етілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. 

Павлодарлық журналистердің өңірлік журналистиканы дамытуға қосқан үлесі атап өтілді. Оларға облыс әкімінің міндетін атқарушы Серік Батырғожинов наградалар табыс етті. 

– Сізддерің күнделікті қажырлы еңбектеріңізді оқырмандар, көрермендер, тыңдаушылар ғана емес, мемлекет те жоғары бағалайды. Ел Президенті әрдайым журналистердің кәсіби қызметіне назар аударады. Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамымыздың дамуына қосқан үлесін ризашылықпен атап өтеміз, – деп атап өтті Серік Батырғожинов. 

«Еуразия» бірінші арнасының меншікті тілшісі Майя Шуақбаева «Құрмет» орденімен марапатталды. «Ерен еңбегі үшін» медалін «Ирбис» телекомпаниясының арнайы тілшісі Артем Буланов және «Saryaqa samaly» облыстық газетінің бас редакторы Нұрбол Жайықбаев алды. «Еңбек ардагері» медалі «Қазақстан» телеарнасы өңірлік филиалының ардагері Райхан Жолдасоваға тапсырылды.

Марапаттар арасында Pavlodarnews.kz ақпараттық агенттігінің шеф-редакторы Роза Мұстафина да бар. Сондай-ақ Железин ауданы «Родные просторы» газетінің редакторы Асқар Ханенко «Ақпарат саласының үздігі» белгісімен марапатталды.