18 наурызда Павлодарда су болмайды

18 наурызда Павлодарда су болмайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бір тәулік бойы жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, Жібек жолы – Ломов көшесі мен Жібек жолы – Циолковский көшелеріндегі су құбырының апаттық учаскелерін ауыстыруға байланысты 18 наурыз сағат 00:00-ден 19 наурыз сағат 00:00-ге дейін Циолковский көшесінен Ломов көшесіне дейінгі аралықтағы Жібек жолы көшесіндегі ұйымдарда сумен жабдықтау уақытша тоқтатылады.

Сондай-ақ Екінші Павлодар, №2, 3, 4, 5, 6 ӨБ аудандарында су қысымы төмендетіледі.

Компания уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. Тұрғындарға алдын ала су қорын дайындап алуға кеңес беріледі.