Павлодарда қайда жарық болмайды

Павлодарда қайда жарық болмайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қосалқы станцияларда жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 шілде күні сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша электр қуаты сөндіріледі:

  • Қамзин көшесі, 351 («Удача» дүкені);
  • Онежская – Ворушин – Қамзин – Волочаевская, Онежская – Ворушин – Ладожская – Қамзин, Онежская – Қамзин – Новосибирская – Волочаевская көшелері алаңындағы тұрғын үйлер;
  • «Энтузиаст», «Строитель» бағбаншылықтары.

Сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін:

  • Минин – Я. Геринг – Хабаровская – Ж. Аймауытов көшелері алаңындағы тұрғын үйлер.