18 сәуірде Павлодар облысында қар аралас жаңбыр жауады

18 сәуірде Павлодар облысында қар аралас жаңбыр жауады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ауа температурасы түнде +1..+6, күндіз +2...+7 градус жылы болады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Қазгидрометтің мәліметінше, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі, көктайғақ болады. 

Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыс желінің екпіні секундына 9-14, күндіз екпіні 15-20 метрді құрайды.

Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынды болады. Сынап бағанасы түнде +2...+4, күндіз +4...+6 градус көрсетеді.