18 қыркүйекте Павлодар облысында дауыл күтіледі

Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін соғады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, бейсенбіде күндіз ауа температурасы +16...+21°C, облыстың оңтүстігінде +13 °C болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың оңтүстігінде бұршақ жауып, дауыл соғады.
Павлодарда күндіз сынап бағанасы +19...+21 °C-ты көрсетеді. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.