Павлодарда облыстық перинаталдық орталық облыстық сенбілікті қолдады

Павлодарда облыстық перинаталдық орталық облыстық сенбілікті қолдады
Фото: Павлодарда облыстық перинаталдық орталық

Орталық қызметкерлері қаланы абаттандыруға белсенді атсалысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Дәрігерлер тырма, күрек, сыпырғыштарды алып, аумақты былтыр түскен жапырақтан, қураған шөптен және қоқыстан тазартты. Сенбілік бір күн бұрын басталып, бүгін орталық қызметкерлері бастаған ісін аяқтады.

–  Бүкіл аумақ бөлімшелер арасында бөлінген, әркім өз жұмыс учаскесін біледі, – дейді орталықтың шаруашылық жөніндегі меңгерушісі Светлана Червева. – Бордюрлер сырланды, ағаштар әктеледі. Бүкіл аумақ қоқыстан тазартылды.

Облыстық перинаталдық орталықтың біріккен қызметтерінің инженері Анатолий Дворецкийдің айтуынша, «Горкомхоз-Павлодар» ЖШС келісімі бойынша қоқыс полигонға шығарылуда. Тазалық кезінде жүк көлігі төрт рейс жасады.