19 тамызда Павлодар облысында жаңбыр жауады
Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды. Күндіз облыстың оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы +10...+15°C болады, жауын-шашынсыз. Күндіз ауа температурасы +20...+25°C-қа дейін көтеріледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде және орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін.
Павлодар қаласында түнде ауа температурасы +11...+13°C болады. Бұлттылық құбылмалы, жауын-шашынсыз. Күндіз +22...+24°C, құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін.