2 ақпанда Павлодар облысында бұрқасын күтіледі

2 ақпанда Павлодар облысында бұрқасын күтіледі
Фото: Константин Шелков

Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, дүйсенбіде ауа температурасы -12…-17 °C, облыстың оңтүстігінде -7 °C болады.

Облыстың батысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Павлодарда сынап бағанасы -12…-14 °C-ты көрсетеді. Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады.